Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Сүйінші: Қазақ теннисші әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді

ҚТФ

Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.

Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақын тұр. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай 60-тан 31-ге, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға жайғасты.

Нұрланұлы, Жалғасбай, Тазабеков 24 қаңтар – 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Заңғар онда 8-ракетка ретінде тіркелген.

Аустралия ашық чемпионатына дейін үш жас қазақстандық теннисші сол елдегі ITF J300 TRARALGON турнирінде ойнайды.

Ұқсас жаңалықтар

Головкин Әлия Юсуповамен жолықты

Redaktor

Еркебұлан Сейдахметке қызық ұсыныс түсті

Redaktor

Канадалық шабуылшы биыл «Барыс» сапында ойнайды

Redaktor

Пікір жазу