Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Сүйінші! Сұп-сұлу қазақ қызы 12 дүркін әлем чемпионы атанды!

Фото: Джиу-джитсу федерациясы

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан ересектер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова алтын медаль иегері атанды.

48 келіге дейінгі салмақта өткен финалда Жібек өз отандасы Райхан Абдуллаевамен кездесті. Тартысты белдесуде жеңіс Құлымбетоваға бұйырып, ол ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Осылайша, жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы екі жүлдемен қуантты.

Айта кетсек, бұл Жібектің ересектер арасындағы алғашқы әлемдік жеңісі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында 11 дүркін әлем чемпионы атанған болатын.

«Бангкок қаласында 18 жасымда алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, жеңімпаз атандым. Бұл жеңіс – бір күндік еңбектің емес, тоғыз жылдық табандылық пен тәртіптің нәтижесі. Кеше ғана жасөспірімдер арасындағы жарыстарда күресіп жүр едім, бүгін өз елімнің спортшысымен финалда кездесіп, көк туымды көкке көтердім, — деді Жібек Құлымбетова.

Осылайша, жас спортшының есімі әлемдік спорт тарихына тағы бір алтын әріппен жазылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық балуан Париждегі жеңілісіне қатысты ойын айтты

Redaktor

Сүйінші! Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан тарихи медаль жеңіп алды

Redaktor

Канадалық шабуылшы биыл «Барыс» сапында ойнайды

Redaktor

Пікір жазу