Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Тағы да жақарат па?: Бақтиер Зайнутдинов қараша айындағы ойындарға қатыспайды

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов қараша айындағы халықаралық матчтарға қатыспайтын болды.

Футболшы Солтүстік Македониямен өткен ойында алған сары қағазына және қазіргі таңда клубында ем-дом алып жатқан жарақатына байланысты ұлттық құраманың сапына қосылмайды. Осыған байланысты ол Бельгияға қарсы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің ойынына және Фарер аралдарымен өтетін жолдастық кездесуге қатыса алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін де Зайнутдинов қыркүйек айындағы екі ресми кездесуге жарақатына байланысты қатыспаған болатын.

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Қазір өзге бағытта жүрмін»: Жансая Әбдімәлік мансабы жайлы айтты

Redaktor

Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі анықталды

Redaktor

Чемпионатта әлі де бәсекелестік деңгейі жоғары емес — Әсем Қаражанова

Redaktor

Пікір жазу