Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Талғат Байсуфинов пен Нұралы Әліп әлемнің үздік жаттықтырушысы мен қақпашысын таңдады

ҚФФ

ФИФА-ның жыл қорытындысы бойынша өтетін дәстүрлі сауалнамасында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері өз таңдауларын жасады.

«Жылдың үздік бапкері» номинациясында ұлттық құраманың капитаны Нұралы Әліп бірінші орынға «Пари Сен-Жермен» клубының бас бапкері Луис Энрикені қойды. Дауыс беру қорытындысы бойынша испаниялық маман жеңімпаз атанды. Екінші орынға «Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик, үшінші орынға лондондық «Арсеналдың» тізгінін ұстаған Микель Артета лайық деп тапты.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов та үздік бапкер ретінде Луис Энрикені таңдады. Оның тізімінде екінші орында Ханс-Дитер Флик болса, үшінші орынға «Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска жайғасты.

Сондай-ақ «Жылдың үздік қақпашысы» номинациясы бойынша да дауыс беру нәтижелері белгілі болды. Нұралы Әліп бірінші орынға «Манчестер Сити» клубының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумманы таңдады. Екінші орынға мадридтік «Реалдың» голкипері Тибо Куртуа, үшінші орынға «Интердің» қақпашысы Янн Зоммер лайық деп танылды.

Талғат Байсуфинов та үздік қақпашы ретінде Джанлуиджи Доннарумманы атады. Ол екінші орынға Янн Зоммерді, ал үшінші орынға Тибо Куртуаны орналастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды

Redaktor

Қазақ халқына тарихи алтын жүлде сыйлайды деген спортшы жеңіліп қалды

Redaktor

Еліміздің абыройы үшін жеңіске жетуді көздейміз — Әли Әлиев

Redaktor

Пікір жазу