Beksports спорт порталы
Басты ақпаратДзюдоЖаңалықтар

Қазақ халқына тарихи алтын жүлде сыйлайды деген спортшы жеңіліп қалды

Фото: Сали Сабиров, ҰОК

Абу-Дабиде басталған дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирінде 48 келі салмақта белдескен Қазақстан спортшысы Әбиба Әбужақынова ширек финалға шыға алмады.

Қазақстандық дзюдошы алғашқы айналымда 16 жастағы бельгиялық Мэлис Дапені «вазари» ұпайымен жеңіп, турнирді сенімді бастады. Алайда келесі кезеңде ол 21 жастағы қытай спортшысы Син Худан жеңіліп қалды. Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Әбиба қарсыласының «тұншықтыру» әдісімен жеңіп кетті.

Бұл жарыста көптеген мамандар мен жанкүйерлер Әбиба Әбужақыновадан тарихи алтын жүлде күткен болатын.

Айта кетейік, Син Ху былтыр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарса, биыл Астанада өткен «Үлкен шлем» кезеңінде де жеңімпаз атанған. Ал Әбужақынова бұл жарысқа қатыспаған еді.

Ұқсас жаңалықтар

WTA қорытынды турнирі алдында Елена Рыбакинаға қатысты қуанышты хабар тарады

Redaktor

Дэвис кубогы: Юрий Щукин дайындық туралы айтты

Redaktor

Қазақстандық клуб еуропалық чемпионаттардан екі шабуылшыны қатарына қосты

Redaktor