Аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін ашық айтты. Ол «Номадпен» айқасуға ниет білдірген екінші спортшы атанды.
Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдігін айырылғаннан кейін Делла Маддалена енді титулдық бәсекеге қайта оралуды көздеп отыр. Айта кетейік, Рахмоновтың жарақатына байланысты Джек 2025 жылдың мамырында Белал Мұхаммадпен чемпиондық айқас өткізу мүмкіндігіне ие болған еді.
Енді аустралиялық спортшы осы мүмкіндікті «қайтарғысы» келеді. Оның айтуынша, Шавкатты жеңу қайтадан чемпиондық белдікке таласуға жол ашады.
Мен Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгім келеді. Мұны әрдайым қаладым. Осындай қарсыласты жеңу сені бірден титулдық жарысқа қайтарады. Сондықтан маған дәл осындай айқас керек, – деді Делла Маддалена.
Еске салайық, Шавкат Рахмонов бір жылға жуық уақыт бойы октагонға шыққан жоқ. Бұған дейін америкалық Хоакин Бакли де қазақстандық файтермен айқасқысы келетінін мәлімдеп, тараптар X (Twitter) желісінде пікір алмасты. Алайда әзірге нақты келісім жасалған жоқ.
