Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

World Boxing: Әлем кубогінің финалындағы қарсыластар белгілі болды

ҰОК

Биылғы Әлем кубогінің финалдық кезеңіне қатысатын құрамалар толық анықталды. Бұл додада Қазақстанның ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

Маусымның шешуші турнирінде төрт құрлықтан 18 команда рингке шығады.

«Әлем кубогі финалы нағыз тартысты болмақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік олимпиадалық салмақтағы боксшылар даңқ пен ұлттық абырой үшін айқасады. Жанкүйерлерді қарқынды жекпе-жектер, әсерлі сәттер мен бастан-аяқ нағыз драма күтіп тұр», – делінген ұйым хабарламасында.

Финалға қатысатын елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Аустралия, Жапония, Аустрия, Қытай Тайбэйі, Қырғызстан, Англия, Нигерия, Финляндия, Польша, Германия, Корея Республикасы, Үндістан, Испания, Иран, Украина және Италия.

World Boxing Cup 2025 турнирінің финалдық кезеңі 15–23 қараша аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Бублик Парижде сәтсіздікке ұшырап, маңызды турнирден тыс қалды

Redaktor

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына өтті

Redaktor

Қуанышты жаңалық: Темірлан Анарбеков беделді марапатқа ұсынылды

Redaktor

Пікір жазу