Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеу үшін жекпе-жек өткізеді: кездесу уақыты белгілі

Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы әлемдік белбеулерді біріктіру жолында кезекті маңызды жекпе-жек өткізеді.

Беделді спорт басылымдарының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы чемпиондық кездесу келісілді. Айқас 2025 жылдың 6 желтоқсанында АҚШ-тағы Сан-Антонио қаласында өтетін PBC бокс кешінің бірлескен басты оқиғасы болмақ.

Бұл жекпе-жекте Әлімханұлы өзіндегі IBF және WBO белбеулерін, ал Лара өз иелігіндегі WBA титулын қорғайды. Кездесу 75 келіге дейінгі салмақта өтеді. Ал кештің басты жекпе-жегі Айзек Круз – Ламонт Роуч арасындағы айқас болмақ.

Чемпиондардың мақсаты мен жағдайы

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жылдары орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын иеленуді — яғни IBF, WBO, WBA және WBC тұжырымдарының барлық төрт белбеуін біріктіруді көздеп келеді.

Қазақ боксшысы өз мансабындағы барлық 17 жекпе-жекте жеңіске жетіп, жеңіліссіз сериясын сақтап келеді. Соңғы рет ол Анауэль Нгамиссенгемен кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Ал кубалық Эрисланди Лара – қазіргі таңда әлем чемпионы атағын ұстап тұрған ең жасы үлкен боксшы. Биыл ол 42 жасқа толды. Соңғы кездесуінде Лара америкалық Дэнни Гарсияны нокаутқа түсіріп, алты жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясын жалғастырған.

Ұқсас жаңалықтар

​Астанадағы бокс кешінің толық карды белгілі болды

Redaktor

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-ге жолдама алды

Redaktor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Redaktor

Пікір жазу