Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

«Қазақстан барысында» жеңімпаз атанған балуанға белгілі меценат автокөлік сыйлады

Жақында «Қазақстан барысында» топ жарған балуан Ерасыл Қажыбаевқа белгілі меценат Дулат Тастекеев автокөлік сыйлады.

«Биыл жазда Ақсуатта өткен ASSYL ARLAN турнирінде жеңіске жеткенмін. Сол кезде Дулат Тастекеев енді. «Қазақстан барысы» турнирінде чемпион болуың керек, сен соған лайықсың, жеңсең бізден қомақты сый болады» деп мотивация берген еді. Мақсатымыз айқын болып, биыл чемпион болдық», — дейді Ерасыл Қажыбаев.

Меценат бүгін балуанға Абай облысының мәслихат депуттары Қайырлы Қасенов пен Мерей Қарттың қатысуымен, автокөліктің кілті табысталды.

Ерасыл Қажыбаев қамқорлық көрсеткен ағаларына ілтипатын жеткізді.

«Бұл сыйлық мен үшін тек көлік емес, сіздердің маған деген сенімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың белгісі. Осы жақсылықтарыңызды ұмытпаймын», — деді 2024 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы.

Ерсұлтан Кәріпбай

Ұқсас жаңалықтар

Елдос Сметов JENYS клубының капитандығынан кетті

Redaktor

Мейірім Нұрсұлтанов пен Карлос Адамес жекпе-жегі не себепті әлі өтпей келеді?

Redaktor

Дэвис кубогы: Юрий Щукин дайындық туралы айтты

Redaktor