Beksports спорт порталы
Бокс

Жәнібек Канеломен жекпе-жек уақытын «белгіледі»

Жәнібек Канеломен жекпе-жек уақытын "белгіледі"

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қашан шыққысы келетінін айтты.

Қазақстандықтың ойынша, бұл келесі жылы болуы мүмкін, алайда оған дейін Жәнібек орта салмақта барлық титулды жинап алғысы келеді.

«Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын. Мен барлық төрт белбеуді тезірек жинап, Канеломен суперорта салмқата айқассам деймін. Бұл келесі жылы болады деп үміттенемін. Бірақ бір мәселе бар: Канело менімен айқасуға келісе ме? Көреміз!», — деп жазыпты Жәнібек твиттерде.

Дереккөз:  Vesti.kz

Ұқсас жаңалықтар

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

Redaktor

Қостанайда халықаралық турнир аяқталды

Redaktor

Ертуған Зейнуллинов күтпеген жерден жүлдегер болып шыға келді

Redaktor

Пікір жазу