Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

5 баланың анасы 15 жылдан кейін бокстан ел чемпионатының финалына шықты

www.instagram.com/boxingkazakhstan

Бірнеше жыл үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралған Әйгерім Сәттібаева айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ол Семей қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы ел чемпионатының финалына шықты.

Әйгерім ең жеңіл салмақ – 48 келіге дейінгі санатта өнер көрсетіп, жартылай финалда қызылордалық Ақбота Болатты айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, спортшы 15 жылдық үзілістен кейін ел чемпионатының финалына жолдама алды.

34 жастағы Әйгерім Сәттібаева – тек рингте емес, өмірде де көпке үлгі көрсетіп жатыр. Ол 5 баланың анасы, сонымен қатар бокстан Азия чемпионы және Азия чемпионатының қола жүлдегері саналады.

Әйгерімнің жары – әйгілі қазақстандық боксшы, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) екі дүркін чемпионы Олжас Сәттібаев. Ерлі-зайыпты спортшылар еліміздің боксына зор үлес қосып келеді және жас буынға үлгі болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ұзақ үзілістен соң кортқа оралған Елена Рыбакина жеңіліс тапты

Redaktor

IBA әлем чемпионатында қазақ боксшыларын аяқтан шалу басталды

Redaktor

Қуат Хамитов халықаралық турнирде жеңіске жетті

Redaktor