Beksports спорт порталы
Футбол

Бас бапкер Магомед Адиев қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті. Ол құраманы 2 жыл жаттықтырған.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

«Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті. ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды», — деп атап өтті федерациядан.

Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2022 жылдың сәуір айында ұстаған еді.
Ол соңғы кездері Шешенстанның «Ахмат» клубын қоса жаттықтырып жүрді.

Ұқсас жаңалықтар

«Даму кубогындағы» негізгі мақсатымыз ресми жарыстарға дайындалу – Бауыржан Сағындық

Redaktor

Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді

Redaktor

Стюарт Холл: Жастар футболын дамытамыз

Redaktor

Пікір жазу