Beksports спорт порталы
Футбол

Бас бапкер Магомед Адиев қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті. Ол құраманы 2 жыл жаттықтырған.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

«Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті. ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды», — деп атап өтті федерациядан.

Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2022 жылдың сәуір айында ұстаған еді.
Ол соңғы кездері Шешенстанның «Ахмат» клубын қоса жаттықтырып жүрді.

Ұқсас жаңалықтар

«ПСЖ клубының төрт ойыншысы бар»: 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Redaktor

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы қашан басталатыны белгілі болды

Redaktor

Марат Омаров УЕФА президентімен кездесті

Redaktor