Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Адиев соңғы матчын өткізе ме?

Адиев соңғы матчын өткізе ме?

Футболдан Қазақстан құрамасының Армения және Әзербайжан құрамаларымен жолдастық кездесуіне қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды.

Ел құрамасы 7 маусымда Армения, 11 маусымда Әзербайжан құрамаларымен ойнайды. Бұл Магомед Адиевтің құрама бапкері ретіндегі соңғы ойыны болуы мүмкін.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі де – «Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (бәрі де – «Тобыл»), Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (бәрі де – «Ақтөбе»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі – «Ордабасы»), Әділхан Добай («Жетісу»), Михаил Габышев («Елімай»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі де – «Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов (бәрі де – Ақтөбе»), Абзал Бейсебеков, Исламбек Куат (екеуі – «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов (бәрі де – «Астана»), Иван Свиридов («Елімай»), Абат Аймбетов («Адана Демирспор», Түркия).

Айта кетсек, УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымының жеребе тарту қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Австрия, Норвегия және Словения құрамаларымен бірге үшінші топқа түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Тоғызқұмалақтың атауын өзгертуге Үкімет қарсы шықты

Redaktor

EURO-2026: Қазақстан мен Армения тең түсті

Redaktor

Роналду карьерасына қатысты маңызды шешім қабылдады

Redaktor

Пікір жазу