Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин команданың негізгі қақпашысы Александр Заруцкийдің ұжымнан кеткенін растады. Бұл туралы ол «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матч алдындағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Александр Заруцкийдің «Қайратпен» келісімшарты аяқталды, – деді бас бапкер қысқа ғана пікірінде.
Айта кетейік, Александр Заруцкий биылғы жылдың басында «Қайрат» сапына қосылған болатын. 2025 жылғы маусымда қақпашы барлық турнирді қоса есептегенде 24 матчқа қатысты. Ол алматылық клубпен бірге Премьер-лига чемпионы атанып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар «Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алуына елеулі үлес қосты.
