Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Анна Данилина WTA сыйлығына үміткер

WTA нұсқасы бойынша “Жылдың жұбы” сыйлығының номинанттары анықталды.

WTA нұсқасы бойынша “Жылдың жұбы” атты беделді марапатқа Қазақстанның жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы Анна Данилина мен ресейлік теннисші Ирина Хромачёва үміткер атанды.

Сондай-ақ, номинанттар тізіміне келесі жұптар кірді:

Габриэла Дабровски және Эрин Рутлиф (Канада, Жаңа Зеландия)

Катержина Синякова және Тэйлор Таунсенд (Чехия, АҚШ)

Сара Эррани және Жасмин Паолини (Италия)

Людмила Киченок және Елена Остапенко (Украина, Латвия)

Се Су-Вей және Элизе Мертенс (Тайвань, Бельгия).

Жеңімпаздарды теннис журналистерінің дауыс беру нәтижелері бойынша анықтайды.

Айта кетейік, Анна Данилина мен Ирина Хромачёва 2024 жылы WTA аясында жеті титулды, соның ішінде Қытайдың Ухань қаласындағы “мыңдық” турнирді жеңіп алды. Қазақстандық спортшы жұптық разрядтағы маусымды әлемдік рейтингтің 22-орнында аяқтады.

Фото: ҰОК

Ұқсас жаңалықтар

Ақтаулық теннисші Англия турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Redaktor

Search for the next Li Na: More difficult than you think

admin_beksports

Бублик Мадридтегі «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Redaktor

Пікір жазу