Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

Ат спортынан елорда төрінде дәстүрлі қалалық жарыс басталды

Астана күніне орай Олимпиада бағдарламасына кіретін конкур бәсекесінен бүгін  турнир жеңімпаздары анықталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Осы жылғы доданың басты ерекшелігі ұлттық құрамаға кіретін спортшылар да жалпы жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын сыйақыға таласады.

Астана күніне орай ұйымдастырылып жатқан жарысқа екінші рет қатысып жатырмын. Бүгін жасөспірімдер санаты бойынша биіктігі 110 сантиметрді құрайтын кедергілерді бағындыруға тырысамын. Былтыр жүлдеге бір қадам жетпей, 4-орынға тұрақтаған едім. Биыл «Жеңіс» атты тұлпарымен жеңіс тұғырынан көрінуге бар күшімді саламын, —  деп 15 жастағы Нұрлы Медетхан жарыс алдындағы ойымен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шабандоздар алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионаты мен Ташкент пен Бішкектегі Әлем кубогының кезеңдерінде өнер көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлішер Ерғалидің жеке бапкері өз пікірін білдірді

Redaktor

Хоккейден Қазақстан командасының Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Redaktor

Үстел теннисі: Жания Бекмұхамбетова Мысырдағы турнирде жеңіске жетті

Redaktor

Пікір жазу