Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасынан кеткен соң жаңа команданы жаттықтыруға келісті

Uzbekistan Football Association

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Тимур Кападзе жаңа жұмыс орнын тапты.

Championat.Asia бас редакторы Нарзулла Сайдуллаевтің мәліметіне сүйенсек, маман Индонезияға барып, алдағы уақытта сол елдің ұлттық немесе клуб командасын жаттықтыруы мүмкін.

Айта кетейік, биыл қазан айында италиялық Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалған. Ал Кападзе бастапқыда бапкерлер құрамында болса да, кейін командадан кеткен.

Тимур Кападзе Өзбекстан құрамасын жаттықтырған кезеңде бес жеңіс пен төрт тең ойынға қол жеткізді, сонымен қатар команда тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін Кападзе 2012–2014 жылдары «Ақтөбе» клубында өнер көрсеткенімен таныс.

Ұқсас жаңалықтар

Милан Олимпиадасының ең жас қатысушысы атанған қазақстандық алтын медаль жеңіп алды

Redaktor

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы қысқартылды

Redaktor

Елена Рыбакина US Open чемпионын жеңіп, жылды сәтті бастады

Redaktor