Скопье қаласында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен матчта Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары 1:1 есебімен тең ойнады.
Бірінші тайм тең дәрежеде өтіп, командалар гол соға алмады. Екінші таймның 54-минутында Дінмұхамед Қараман есеп ашып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты. Алайда 74-минутта Энис Барди таразы басын теңестірді.
Бұл тең нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 7 ұпай бар. Келесі кездесу 15 қараша күні Астанада өтеді. Қарсылас — Бельгия құрамасы.
Әлем чемпионаты – 2026. Іріктеу кезеңі, J тобы
Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1 (0:0)
Голдар: Барди (74) – Қараман (54)
Ескерту алғандар:
Алими (45+1) – Зайнутдинов (64), Қайыров (65), Қуат (81), Жұмат (90+4)
Солтүстік Македония: Димитриевски (қ) – Алиоски, Зайков, Велкоски (Костадинов 46), Стойчевски (Серафимов 75) – Алими (Трайковски 75), Илиевски, Миовски (Чурлинов 46), Барди (к), Элмас – Ристовски (Растодер 62).
Бас бапкер: Благоя Милевски.
Қазақстан: Сейсен (қ) – Вороговский (Жагоров 85), Қасым, Әліп (к), Қайыров – Қуат, Қараман (Халматов 70), Зайнутдинов (Қасабулат 85) – Кенжебек (Жұмат 61), Чесноков, Свиридов (Шушеначев 61).
Бас бапкер: Талғат Байсуфинов.
Төрешілер:
Хуан Мартинес, Диего Барберо, Иван Массо (бәрі – Испания)
VAR: Хавьер Иглесиас Вильянуэва
AVAR: Гильермо Куадра
13 қазан 2025 жыл, 23:45. «Тоше Проески» стадионы, Скопье.