Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына ерекше есім қойды

Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші ұлына қандай есім бергенін көпшілікпен бөлісті.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап беріп, ұлының есімі – Қағаров Санат Сәкенұлы екенін хабарлады.

Айжұлдыздың айтуынша, «Санат» сөзі «үйлесім», «жарасым» деген мағына береді:

Оның өмірі әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын. Менің айналамдағы адамдардың көбі есімінде екі немесе төрт дауысты әріп бар жандар. Бұл жай сәйкестік емес деп ойлаймын. Қараңызшы: анам – Жанар, ұлым – Назар, күйеуім – Сәкен, енді – Санат, – деп жазды Айжұлдыз.

Желі қолданушылары актрисаның бұл жазбасына жылы пікірлер қалдырып, жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр мен бақыт тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Алтынай Жорабаева бұрын еш жерде көрсетпеген отбасылық видеосын жариялады

Redaktor

Тұрсын Алагөзов енді 65 жастан асқан ата-аналарға ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлейді

Redaktor

Төреғалидың анасы киімдерін сатып жатыр деген ақпарат желіде талқыға түсті

Redaktor