Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

Биыл кім «Қазақстан Барысы» атанады?

sportplustv.kz

2025 жылғы 18 қазанда Астана қаласында қазақ күресінен XIV Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық кезеңі өтеді. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) сағат 12:00-де басталады.

Бұл – ел намысын арқалаған ең мықты балуандардың бозкілемдегі шешуші айқасы. Турнирге облыстық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады. Бұған қоса, өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» турнирінің екі қатысушысы додаға қосылады. Барлығы 43 балуан белдесуге шығады.

Турнир жеңімпазы «Қазақстан Барысы – 2025» атағын иеленіп, ел мақтаны – «Алтын белбеу» мен алтын «Тайтұяқтың» иегері атанады.

Айта кетейік, биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге.

Қазақ күресінің басты турнирі жыл сайын ұлттық спорттың мәртебесін арттырып, жас балуандарға үлгі болуда. Кім биыл елдің бас белбеуін тағып, жаңа «Барыс» атанады – бұл 18 қазан күні белгілі болмақ.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Головкин Әлия Юсуповамен жолықты

Redaktor

Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

Redaktor

Пікір жазу