Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Селтикке» қарсы ойында үш пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков үшін бүгін ерекше күн

digitalbusiness.kz

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков туған күнін атап өтуде. Бүгін ол 22 жасқа толды.

Темірлан Атырау қаласында дүниеге келген. Алғашқы футбол қадамын туған қаласында бастап, 2017 жылдың қарашасында «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушісі атанды.

Жас қақпашы 2020 жылы, небәрі 17 жасында, Премьер-лигадағы алғашқы матчын «Таразға» қарсы өткізді (0:1). Кейін 2022 жылы ол Бірінші лигада ойнайтын «Қайрат-Жастар» командасының капитаны болды.

Өткен маусымда Темірлан астаналық «Жеңіс» клубында жалға ойнап, командасымен бірге Лига кубогының финалына дейін жетті.

Анарбековтің мансабындағы ерекше сәттердің бірі – 2024 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде тіркелді. «Селтикке» қарсы тарихи матчта (0:0) ол пенальти сериясында үш бірдей соққыны қайтарып, «Қайратты» алғаш рет Еуропаның элиталық кезеңіне шығарды. Бұл ойын Темірланның есімін жанкүйерлер жүрегіне мәңгілікке жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар Оразов пен Ляпунов МХЛ-дың үздіктері атанды

Redaktor

Бүгін Жапонияда Grand Slam турнирі басталады

Redaktor

Valencia and Young now vital to Man United after years of transition

admin_beksports