Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Дастан Сәтпаевтың жалақысы белгілі болды

«Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев Sports.ru басылымына берген сұхбатында «Челси» Дастан Сәтпаевқа қанша жалақы төлейтінін айтты, деп хабарлайды Bekspors.kz.

16 жастағы футболшы үшін «Қайрат» 4.3 миллион еуро алады, бұл – Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер. Сатпаев англиялық клуб сапына 2026 жылы жазда қосылып, бес жылдық (бір жылға ұзарту мүмкіндігімен) келісімшарт жасасады.

Боранбаевтың айтуынша, ойыншының жалақысы айына шамамен 14 мың фунтты құрайды, оның 12 мыңы ата-анасының есепшотына аударылады. Бұл қаражат футболшы 22 жасқа толғанға дейін қолжетімсіз болады. Келісімшартта тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Ермахан Ибраимов жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

Redaktor

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Қазақстандық боксшы Джалоловты нокаутқа түсіре алатынын айтты

admin_beksports

Пікір жазу