Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарХоккей

Хоккей: Қазақстан құрамасы өз айдынында Оңтүстік Кореядан ұтылды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды.

Бұл турнир тарихта тұңғыш рет өтіп отыр. Алматыға Оңтүстік Корея, Жапония және Қытай құрамалары келген. Сары құрлықтың алғашқы жеңімпазы айналымдық жүйе бойынша анықталады.

Қазақстан құрамасын Олег Болякин баптайды. Азия чемпионатына «Барыс» пен ҚХЛ-да ойнайтын ешбір клубтың ойыншысы қатыса алмайды. Себебі ол жақта халықаралық үзіліс қарастырылмаған. ҚХЛ-дан тек «Торпедо» қорғаушысы Дмитрий Бреус келген.

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 1:4

0:1 — Ин Гуо Ох (Сеунг Джае Ли, Хюн Сеун Ли) — 20:56
1:1 — Александр Борисевич (Дмитрий Преснов) — 23:51
1:2 — Хо Хюн Джеонг — 34:46
1:3 — Юн Сеок Кан — 58:03
1:4 — Юн Сеок Кан — 59:00

8 қарашада Қазақстан Қытаймен кездеседі. Аспан асты елі Жапонияға жол берді – 1:4. Ал 10 қарашада Қазақстан мен Жапония өзара кім мықтыны анықтайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақтар қатысқан турнирде ресейлік спортшы жеңіске жетті

Redaktor

Шайдоров төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Redaktor

Данияр Елеусінов мансабын аяқтауды жоспарлап отыр

Redaktor