Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті

ҰОК

Бүгін Алматыда Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының конференция өтіп, жаңа президент сайланады деп күтілуде.

Қазіргі кезде Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігі аясында федерацияның атқарған жұмысы қорытындыланып, жаңа президент сайланатыны белгілі болды.

Осыған дейін федерацияны 2021 жылдан бері Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, танымал балуан, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов басқарып келген.

Айта кетейік, биыл әлем чемпионатында қазақстандық балуандардан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиаданың күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионаты: қазақстандық грек-рим күресінің шебері финалға шықты

Redaktor

«Олимпиадада мәжбүрлі түрде ұтылдым»: Әбиба Әбужақынова елге беймәлім сырын ашты

Redaktor

World Boxing: Қазақстан бокстан әлем кубогында бір ғана алтын алды

Redaktor

Пікір жазу