Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

World Boxing: Қазақстан бокстан әлем кубогында бір ғана алтын алды

Фото:Boxingkazakhstan

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан жылдың соңғы әлем кубогының финалдық кезеңі өтті. Қазақстандық боксшылар байрақты бәсекеде бір ғана алтын жүлдені иеленді.

85 келі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы ақтық сында Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошевті 4:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Еліміздің атынан жарысқа 13 боксшы қатысты. 70 келі салмақтағы Нұрбек Мұрсал финалға дейін жеткенімен, шешуші сында жергілікті боксшыдан жеңіліп, күміс медальмен шектелді.

Ерлер құрамасынан 80 келіде Санжарәлі Бегалиев және 90 кг салмақта Даниял Сапарбай қола жүлдеге ие болды. Ал қыздар арасынан Жансая Рахымберді (51 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Диана Мағауияева (80 кг) және Әсел Тоқтасындар қола медаль еншіледі.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы 8 жүлде иеленді. Айта кетерлігі, бұл додаға құраманың бірінші және екінші нөмірлі боксшылары қатыспаған.

Ұқсас жаңалықтар

Футзалдан Арменияға есе жібердік

Redaktor

Елена Рыбакина карьерасына қатысты тың жаңалық шықты

Redaktor

Семей өңірінен шыққан даңқты балуандар мен бапкерлерге арналған кітап жарық көрді

Redaktor