Бүгін, 25 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынында сырт алаңда Лихтенштейнмен өткізеді. Матч алдындағы баспасөз мәжілісінде Қазақстан құрамасы бас бапкердің міндетін атқарушы Әли Әлиев жоспарын айтты.
Команданың дайындығы жақсы.Уэльспен өткен ойыннан кейін көңіл-күйіміз болмады. Сол кезде кемі бір ұпай алу мүмкіндігін уыстан шығарып алдық. Команданың психологиялық дайындығы мен тәртібіне көңілім толады. Вадуцке жақсы жетіп алдық, бірде бір футболшы наразылық білдірмеді. Барлығымыз осы жерде еліміздің абыройы үшін жеңіске жетуді көздейміз. Футболшыларыма сенемін және оларға көп қысым жасалып жатыр дегенмен келіспеймін. Біздің жұмысымыздың нәтижесін ерте ме, кеш пе көретін боламыз. Біздің ниетіміз қабыл болады деп сенемін, — дейді бас бапкер.
Ол командадағы көшбасшы ойыншылар Самородов пен Оразов жұбын біріктіру үшін міндетті түрде уақыт табамыз. Олар міндетті түрде нәтиже әкеледі деп отыр.
Уэльспен кездесуде жанкүйерлер тарапынан прессинг болмады деген айыптаулар айтылған еді. Осыған қатысты да жауап берді.
Уэльске қарсы прессинг жасау, қысым көрсету оңай емес. Олардың қалай пас алмасатынын көрдіңіздер. Бір мәрте Айбар Жақсылықов алға атойлап барып еді, қарымта шабуылдан гол жіберіп қоя жаздадық. Мұндай деңгейдегі құрамаларға қарсы прессинг жасау оңай емес, — дейді Әли Әлиев.
Фото: ҚФФ