Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық атағын қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

Ол 28 қыркүйекте «Алматы аренада» IBO WORLD WBA WORLD GOLD белдіктерін қорғау үшін шаршы алаңға шықпақ. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Естеріңізде болса, ол соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында жекпе-жекке шығып, өзінің чемпиондық атағын қорғады. Сол жолы Тұраров жапониялық Акихиро Кондодан басым түскен еді.

Жанқош Тұраров осыған дейін кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Солтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді

Redaktor

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында тағы бір тарихи нәтиже тіркеді

Redaktor

Өзбек бапкері қулық жасап, Эркинбоевты Сабыржанмен шығармай қойды — Еділов

Redaktor