Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

Бүгін, футболдан Қазақстан Суперкубогінің финалында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті. Нәтижесінде алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кубок иегері атанды.

Матч «Астана Аренада» өтті. Ойынның жарнамасы алдын ала жария болғанымен, стадион жанкүйерге лық толған жоқ. Ал, бірінші тайм «Қайраттың» белсенділігімен өтті, десе де қақпа алдында қауіпті сәттер болмады.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашсынан айласын асырды.

Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.

Айта кетейік, екінші таймның ортасында алаңға «Қайраттың» әйгілі жас ойыншысы Дастан Сәтпаев шыққан. Форвард тәуір ойнағанымен, гол соғатын бірер сәтті пайдалана алмады.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Арландар» футбол клубының Португалиямен ынтымақтастығына 10 жыл толды

Redaktor

Черчесов Норвегия және Словениямен ойнайтын футболшылар тізімін жариялады

Redaktor

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі

Redaktor

Пікір жазу