Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

«Қайрат» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды

Бүгін, футболдан Қазақстан Суперкубогінің финалында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті. Нәтижесінде алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кубок иегері атанды.

Матч «Астана Аренада» өтті. Ойынның жарнамасы алдын ала жария болғанымен, стадион жанкүйерге лық толған жоқ. Ал, бірінші тайм «Қайраттың» белсенділігімен өтті, десе де қақпа алдында қауіпті сәттер болмады.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашсынан айласын асырды.

Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.

Айта кетейік, екінші таймның ортасында алаңға «Қайраттың» әйгілі жас ойыншысы Дастан Сәтпаев шыққан. Форвард тәуір ойнағанымен, гол соғатын бірер сәтті пайдалана алмады.

 

Ұқсас жаңалықтар

WTA қорытынды турнирі алдында Елена Рыбакинаға қатысты қуанышты хабар тарады

Redaktor

Әлем чемпионатында қазақстандық алты боксшы жартылай финалға өтті

Redaktor

TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді

Redaktor