Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Қазақ баласы Бейбарыс Қаблан таеквондодан тұңғыш әлем чемпионы атанды

Қазақстан таеквондо федерациясы

Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионы атанды. Финалда ол Оңтүстік Коея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді.

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартыай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық десантшы-жауынгер әлем чемпионы атанды

Redaktor

«Астана Арена» стадионы УЕФА матчтарын өткізуге дайын

Redaktor

Олимпиадаға іріктеу: Хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші матчта жеңіске жетті

Redaktor

Пікір жазу