Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Алғашқы алтынның бірі Әділбек Мусинге бұйырды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 23.85 секунд көрсетіп, қарсыластарын артта қалдырды. Бұл – Қазақстанның жүзуден осы ойындардағы екінші алтын жүлдесі.
Әйелдер арасында дәл осы қашықтықта Софья Сподаренко топ жарды. Ол 26.99 секунд нәтижемен бірінші орынға ие болды. Мысырлық Фарида Осман (27.04) екінші, сенегалдық Оуми Диоп (27.31) үшінші орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы 50 метрге баттерфляй жарысында Максим Сказобцов 23.87 секунд уақытымен күміс медаль алды. Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайед (23.90) үздік үштікті түйіндеді.
Ал Айбат Мырзамұратов 200 метрге кешенді жүзуде 02:05.07 нәтижесімен қола медаль еншіледі. Бұл сында түркиялық Берке Сака (01:59.51) жеңімпаз атанып, алжирлік Джауад Сёуд (02:03.01) күміс жүлдегер болды.
Осылайша, қазақстандық жүзушілердің төрт медалі ұлттық құраманың жалпы нәтижесін жақсартып, жарыстағы көрсеткішін айтарлықтай арттырды.
Айта кетейік, осы ойындардағы алғашқы алтынды Аруна Жангелдина жеңіп алған болатын.
