Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Брессюир (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 6-ракеткасы М.Кукушкин екінші айналымда франциялық, әлемнің 156-ракеткасы Грегуар Баррерді ойсырата ұтты – 6:1, 6:3.

Бір сағатқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кетпеді. Баррер 3 эйспен шектелді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 199-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовпен таласады.

М.Кукушкин жуырда Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысында А.Качмазовты 6:1, 6:2 есебімен оңай жеңген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Redaktor

Қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирінің жеңімпаздары анықталды

Redaktor

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығуда

Redaktor

Пікір жазу