Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

«Өзге елге кетіп қалды»: Софья Самоделкина жеңісінен кейін Ресейде сынға қалды

ҰОК

Ресейлік Sportbox порталы Жапонияның Осака қаласында өткен ISU Гран-при кезеңінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның жарқын өнеріне пікір білдірді.

«ISU Гран-при сериясының төртінші кезеңінде күтпеген оқиға болды. Үш дүркін әлем чемпионынан кейінгі орынды Ресейден кетіп, өзге елдің намысын қорғауды таңдаған Софья Самоделкина иеленді. Кеше ғана “спортқа қайта орала алмайды” деген күмән болғанымен, Софья бұл пікірлерді жоққа шығарды», – деп жазады басылым.

Sportbox Самоделкинаның есімі мәнерлеп сырғанауды сүйетін көрермендерге бұрыннан таныс екенін атап өтеді. Бірнеше жыл бұрын ол Ресейдің ең жарқын жас жұлдыздарының бірі ретінде танылған. 13–14 жасында төрт айналымды секірулерді сенімді орындап, күрделі бағдарламаларымен көзге түскен. Тіпті кей элементтер бойынша Александра Трусовамен бәсекелес болған.

2023 жылы Самоделкина спорттық азаматтығын өзгертіп, 2024/25 маусымынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Бұл шешім қоғамда түрлі пікір тудырды: біреулер оны “опасыздық” деп сынаса, енді бірі мансабын сақтап қалу амалы ретінде қабылдады.

Өткен маусымда Софьяның нәтижелері айтарлықтай төмен болған – бағдарламаларда жиі қателесіп, әлем чемпионатындағы дебютінде небәрі 14-орын алған. Алайда 18 жастағы спортшының табандылығы өз нәтижесін берді. Осакадағы Гран-при кезеңінде ол алғаш рет ересектер арасындағы додаға қатысып, күтпеген жерден көшбасшылар қатарына қосылды.

Басылымның пікірінше, бұл жеңіс Қазақстан үшін де ерекше маңызды. 2019 жылы төрт айналымды сальхов секіру арқылы әлем чемпионатында күміс жүлде алған Элизабет Тұрсынбаевадан кейін елде ірі жарыстарда жүлде үшін күресе алатын мәнерлеп сырғанаушы болмаған. Енді ондай спортшы қайта шықты — тіпті ол елге натурализация арқылы келген болса да.

Айта кетейік, Софья Самоделкина Осакада өткен Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында 67,75 ұпай жинап, екінші орынға ие болған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Шавкат Рахмоновты марапаттады

Redaktor

Қуат «Найман» Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

Redaktor

«Талақ айтқан»: Махмұд Сабырханның бірінші жарымен не себепті ажырасқаны айтылды

Redaktor

Пікір жазу