Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанның әнұранын жаттап жүргенін айтты

17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстанның әнұранын жаттап жүр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады. 

Мамыр айында оның Қазақстан атынан өнер көрсету үшін Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясынан кеткені белгілі болған.

(Қазақстан гимнін үйренуді) Бастадым. Қазақ тілінде сөздердің бәрін дұрыс айту қолымнан келетіндігіне күмәнім бар, бірақ тырысамын, — деді Самоделкина.

Самоделкина – Словенияда жасөспірімдер арасында өткен Гран-придің күміс жүлдегері (2021), Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2022), Ресей кубогы финалының жеңімпазы (2020), Денис Тен атындағы мемориал жеңімпазы (2021), Ресейдің спорт шебері.

Фото: ©instagram.com/sofyasamodelkina

 

Ұқсас жаңалықтар

Қайсар Бекенов елорда клубына директор ретінде оралды

Redaktor

Бельгия құрамасының тағы бір жұлдызы Қазақстанға келмейтін болды

Redaktor

Елена Рыбакина аутсайдер теннисшіден жеңілді

Redaktor

Пікір жазу