Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қайсар Бекенов елорда клубына директор ретінде оралды

«Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Қайсар Бекенов тағайындалды.

Директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман елордалық клубтың ұжымына бүгін жаңа басшыны таныстырды.

Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары клубта басшылық қызметте болып, елордалық клубтың алтын дәуірінде командамен бірге ел ішіндегі барлық трофейлерді жеңіп алды, сондай-ақ еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізді.

«Астана» — Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда болды, сондай-ақ Еуропа лигасының топтық кезеңінен плей-офф кезеңіне өткен алғашқы ұжым атанды.

Өткен жылы Қайсар Бекенов клубта маркетинг және қоғамдық байланыстар бағытына жауапты болды.

Бұған дейін «Астананың» бас директоры қызметін атқарған Ғазинұр Әлімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Астана» футбол клубының ұжымынан кетті.

Фото: instagram.com/fca.astana

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Президент Кубогындағы алғашқы матчта «Ладаға» ойсырай жеңілді

Redaktor

ҚПЛ-2026: Биылғы маусымға неше легионер тіркелген?

Redaktor

Қазақстан U-15 жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Redaktor