Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Ұлттар лигасында әйелдер құрамасы екінші рет жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында Армениядан басым түсіп, қатарынан екінші жеңісіне жетті.

Матч Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтті. Бірінші таймда есеп ашылмады. Тек екінші таймның басында Қазақстан W құрамасы сапынан Әмина Бибосынова дубль авторы атанды. Армения W жылдам қарымта екі гол соғып кетті. Десе де 71 минутта Айгерім Айтымова қарсылас қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соқты.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының 4-турында Қазақстан W құрамасы сырт алаңда Лихтенштейн командасы 0:4 есебімен ұтқан болатын. Ол кезде Бибігүл Нұрышева дубль жасаса, Карина Берікова мен Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы дебют голдарын соқты.

Ұлттар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур

Қазақстан W – Армения W – 3:2 (0:0)

Голдар: Бибосынова 48, 55, Айтымова 71 – Давтян 63, 66

Ескертулер: Бибосынова 45 – Асатрян 82

Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Хайрулина, Айтымова, Демидова, Низамутдинова, Нұрышева, Норбаева, Мясникова (К), Берікова, Бибосынова, Тұрлыбекова;

Қосалқы құрам: Портнова (Қ), Тихонова (Қ), Алданазар, Жанатаева, Қаражанова, Попова, Ержанова, Сатығалиева, Жұмабайқызы, Бурова, Рахатжан;

Бас бапкер: Мадияр Кембілов.

Армения W: Кеворкян (Қ), Вартанян, Тейлор, Ли. Казарян, Казанчян, Даллакян, Пизлова, Асатрян, Галстян, Давтян, Арутюнян;

Қосалқы құрам: Погосян (Қ), Казанджян, Тороссян, Хачатрян, Григорян;

Бас бапкер: Артак Адамян.

Төрешілер: Сабина Болич, Гордана Катушич, Майя Брозович, Елена Пейкович (бәрі – Хорватия);

08.04.2025. Астана, «Астана Арена»

Ұқсас жаңалықтар

Рыбакинаны жеңген теннисші Уимблдонда чемпион атанды

Redaktor

Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Redaktor

EURO-2026: Қазақстан мен Армения тең түсті

Redaktor

Пікір жазу