Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

Жанынан анасы қалмайды: Елдос Сметов өзіне айтылған сынға жауап берді

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «GAP» подкастында өзіне тағылып жатқан сынға жауап берді.

Дзюдошы Елдос Сметов туған жері Таразға оралған сәтте үлкен жиын ұйымдастырылған. Сол қуаныштың барысында Елдос Сметовтің залға анасының қолын ұстап шығып келе жатқан видеосы тараған. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырған осы видеоға Елдос Сметов жауап берді.

«Әлеуметтік желіні қарамайын десем де, қарап қоямын. Қазір Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ештеңе жазылмайтын шығар деп ойлағанмын. Бірақ әлі де жазып жатыр.

Менің жүріс-тұрысым, келіншегім алда келе жатыр ма, артта келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, әлде басқасы… Енді мен қалай шығайын, қалай шықпайын, ол менің жеке басымның қуанышы», — деді Елдос Сметов.

Фото: olympic.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының қайын атасы Түркияда жүр

Redaktor

Сенсация! Қазақ балуаны әйгілі Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

Redaktor

Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқаруға бірден-бір үміткер атанды

Redaktor

Пікір жазу