Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Қайрат Сатыбалдының қайын атасы Түркияда жүр

Фото: kazfootball.kz

Қазақстанның бас прокуратурасы «Ордабасы» футбол клубының экс-президенті Бақтияр Байсейітовті экстрадициялау туралы сұрау жолдады.

Шымкенттік ұжымды басқарған Бахтияр Байсейітов, қаржы жымқыруға байланысты күдікке ілініп, тергеуден жалтарғандықтан халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Оның Түркияда жасырынған жері анықталғаннан кейін 2025 жылдың 21 ақпанында елге қайтару туралы өтініш берілген. Шешім әлі қабылданған жоқ, — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Байсейітов Түркістан облысындағы Қаратау кенішін салу кезінде «Iri Building LLP» және «Қаратау» компаниялары арқылы 320 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.

Тергеушілер жобаға арналған жабдықтар жеткізілген жоқ және қаражаттың бір бөлігі жымқырылды деп есептейді.

Байсейітов өзі басқаратын компанияның қызметіне лобби жасағаны анықталды.

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланды, бұл тармақ адамдар тобының аса ірі көлемде басқа біреудің мүлкін жымқыруына қатысты, — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Бақтияр Байсейітовтің Қайрат Сатыбалдының қайын атасы екенін растаған.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы IBA әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін

Redaktor

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

Ақтаулық теннисші Англия турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Redaktor