Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Ризабек Айтмұқан жалғыз өзі әлем чемпионатынан жүлде алды

Фото: @unitedworldwrestling

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан қола медаль иеленді.

97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтмұхан қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде ирандық спортшы Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Осылайша, ол еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының жалғыз жүлдесін салды.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан өткен жылы да осы жас санатында (U23) әлем чемпионы атанған болатын. Биыл ол өз жетістігін тағы бір медальмен толықтырды.

Чемпионаттағы барлық нәтижелері:

Іріктеу кезеңі: Ибрахим Бенеколи (Түркия) – 11:1
1/8 финал: Аймар Егиноа (Испания) – 10:0
1/4 финал: Гарроуз Куекабакила (АҚШ) – 11:0
Жартылай финал: Араш Ёшида (Жапония) – 0:10
Қола үшін белдесу: Аболфазил Бабало (Иран) – 7:1

Осылайша, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан тағы бір мәрте қазақстандық еркін күрестің үздігі екенін дәлелдеді. Ол өткен жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанып, биыл жастар біріншілігінде де үздіктер қатарынан көрінді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді

Redaktor

Шорт-тректен эстафетадан қола жүлде бұйырды

Redaktor

Жәмила Бақбергенова рейтингте көш бастады

Redaktor

Пікір жазу