Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөліспеймін»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты ойын ашық айтты

Ашық дереккөз

Желіде актриса әрі тележүргізуші Мөлдір Мұқанованың бірнеше жыл бұрын берген сұхбаты қайта тарады. Онда ол отбасылық өмір мен ер адамның рөлі туралы өз көзқарасын ашық білдірген.

Мөлдірдің айтуынша, ол күйеуі Тұрсынбек Қабатовты үй шаруасына араластырмайды.

«Ер адамның ас бөлмесінде жүргеніне, үй шаруасын істеуіне қарсымын. Тіпті қоқыс шығарудың да қажеті жоқ. Әйел адам үйдің берекесін сақтап, тамағын дайындап, өзін күтіп отырса, ер адам жұмысында табысты болады», – деген ол сұхбатында.

Сонымен қатар Мөлдір Мұқанова жұбайының екінші әйел алуына түбегейлі қарсы екенін де айтты.

«Мен ондайға келіспеймін. Дайын, әдемі, сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөлісе алмаймын. Мен қызғаншақпын, ал Тұрсынбек ондайды айта да алмайды. Ондайға жол бермеймін», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Жазира Байырбекованың видеосы желіде қызу талқыға түсті: келінді «қызым» деу дұрыс па?

Redaktor

Жол апатынан кейін Қайраттың көзінде тыртық қалды — Гүлзира Айдарбекова

Redaktor

Асанәлі Әшімовтің үшінші жарынан туған қызы жан сырын ақтарды

Redaktor