Beksports спорт порталы
ММА

Қазақстандық файтер UFC-де үшінші қарсыласын жеңді

Аралас жекпе-жек бойынша қазақстандық шебер Асу Алмабаев (20-2) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді. Лас-Вегаста болған турнирде америкалық Хосе Джонсоннан (16-9) басым түсті.

Асу үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Отандасымыз алғаш рет жарысты басты кардында бақ сынады. Қазақстандық спортшы бірнеше рет қылқындыру әдісімен жекпе-жекті ертерек аяқтауға тырысқан. Алайда қарсыласы әдістерге шыдап бағып, соңына дейін шайқаса білді.

Алмабаев өткен жылдың тамыз айынан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін Оди Осборн (12-7-1) және Си Джей Вергараны (12-5-1) жеңген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Данияр Елеусінов рингке ақпан айында шығады

Redaktor

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Redaktor

Рахмонов UFC титулы үшін өтетін айқасқа қатысты бір шешімге келді

Redaktor

Пікір жазу