Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек пен Мөлдір дауына пікір білдірді

коллаж ozgeris.info

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өнердегі әріптестері Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова арасындағы дауға қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Неше күн бойы жұрт талқылап жатқан подкастты мен де алғашқылардың бірі болып көрдім. Мөлдірдің жан сыры мені де тебірентті, жылап та алдым. Төрінде болып, бақытты сәттерінің куәсі болған отбасының шаңырағы шайқалғаны оңай тиген жоқ. Эмоцияға берілмей, бірден пікір жазбаған себебім де сол. Бірін ақтап, бірін даттау — менің мақсатым емес. Екеуін де жақсы танитын адам ретінде, мәселе ушыға бастағанда, апайы әрі жанашыры ретінде “ақылға келіңдер” деп тоқтау айттым. Бірақ осылай өршіп кетеді деп ойламадым, — деп жазды Қарақат Әбілдина.

Әнші мұндай жағдайлар қоғамда жиі кездесетінін айтып, бөтен отбасының арасына түсуге тырысатын әйелдерді сынға алды:

Біреудің айрандай ұйып отырған отбасын ойран ететін қатындар не ойлайды екен? Басқаның бақытын ұрлап, өзің бақытты болам деу — адасқандық! Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. Сен кездесіп жүрген, “сүйем”, “сағындым” дейтін еркек — біреудің жары, бір баланың әкесі. Бақыт ешқашан біреудің көз жасынан, қарғысынан құралмайды!»

Сонымен қатар, Қарақат Әбілдина ер адамдарға да үн қатты:

Сіздің абыройыңыз үшін өмірін арнаған әйеліңізді бағалаңыз. Ыстығына да, суығына да төзген, отбасын сақтау үшін барын салған жар — құрметке лайық. Қателеспейтін адам жоқ, бірақ ойлануға, түзелуге уақыт керек, — деді ол.

Әнші жұрттан бұл жағдайды одан әрі ушықтырмай, отбасының қайта жарасуына тілекші болуға шақырды:

Отбасы — киелі ұғым. Алланың атымен қиылған ақ некені бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Бәлкім, тіл мен көздің әсері де тиген шығар. Сол себепті ел болып өсек-аяңды қоюымыз керек, — деп қорытындылады Қарақат Әбілдина.

Ұқсас жаңалықтар

«Бір әйелді қарық қылып алыңдаршы»: Әнші Бүркіт өнердегі әріптестерін сынады

Redaktor

Тамара Асар «Қазақстанның Халық әртісі» атанды

Redaktor

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

Redaktor

Пікір жазу