Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Анар Батырхан: Күйеуімнің табысы 6 миллион теңгеден кем болмауы тиіс

Фото: instagram.com/anarabatyrkhan

Актриса әрі тележүргізуші Анар Батырхан «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында болашақ жарына қоятын талаптары туралы ашық айтты.

Оның сөзінше, ол еш жағдайда да ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпайды.

«Жасым 30-ға келді. Бірақ қанша жерден сүйіп қалайын, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын. Бұл – менің талабым. Себебі ауылдың жағдайына шыдай алмаймын. Кішкентайымнан қалада өстім, сондықтан маған Алматының жігіті керек. Тіпті басқа қалаға да көшпеймін», – деді Анар Батырхан.

Сондай-ақ ол болашақ күйеуінің қаржылық жағдайы да маңызды екенін жасырмады.

«Тағы бір талабым – болашақ жарымның табысы менен бірнеше есе көп болуы керек. Әйелінен аз табатын күйеуді еркек деп айта алмаймын. Қазір мен айына 5-6 миллион теңге табамын, демек күйеуімнің табысы осы сомадан кем болмауы тиіс», – деді тележүргізуші.

Анар Батырханның бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік арасында әртүрлі көзқарас тудырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Ұлықпан Жолдасов жайлы айтты

Redaktor

Абай Бегейдің құдағыйының бесікке салу рәсімі желіде сынға ұшырады

Redaktor

«Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады». Нұрғали Нүсіпжановтың енесі өмірден өтті

Redaktor