Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Алдағы жаңалық бұдан да қызық болмақ»: актер Олжас Абайдың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды

Фото: instagram.com/ochooou_official

Әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында өз шығармашылығын қолдап жүрген көрермендеріне алғыс білдіріп, жаңа жобасы туралы жұмбақ мәлімдеме жасады.

Өнер иесі Instagram парақшасында былай деп жазды:

Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рахмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ.

Актердің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік Олжас Абайдың «алдағы жаңалығы» жаңа фильм немесе жеке басына қатысты болуы мүмкін деп болжауда.

Айта кетейік, Олжас Абай соңғы уақытта үлкен танымалдылыққа ие болған «Ыстықұя» драмалық телехикаясында басты рөлді сомдап, көрермен ықыласына бөленді. Оның актерлік шеберлігі мен шынайы бейнелеу тәсілі қазақстандық сериал индустриясына жаңа серпін бергені сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Тағы бір танымал әнші әйеліне әріптесімен опасыздық жасады деп айыпталып жатыр

Redaktor

Мұқасан Шахзадаевқа тықыр таянды: «Нұр-Мұқасан» тобының солисіне тергеу басталды

Redaktor

Депутат Ринат Зайыттың анасы өмірден өтті

Redaktor

Пікір жазу