Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Альмираға үйлендім, балаларым менімен бірге тұрады – Ақан Сатаев

Белгілі режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайы Назира Бақаеваның сұхбатынан кейін ресми мәлімдеме жасап, ажырасу, балалар және жеке өміріне қатысты тараған пікірлерге жауап берді. 

Режиссердің айтуынша, ол әрдайым жеке өмірдің жария талқыға түспеуін дұрыс санайды. Алайда соңғы мәлімдемелер алыпқашпа әңгімелердің көбеюіне және балаларға қатысты қысымның туындауына себеп болған.

«Мен әрдайым жеке өмір жеке болып қалуы керек деп есептеймін. Алайда бұрынғы жұбайым Назира тарапынан күтпеген жария мәлімдемелерге байланысты, әсіресе балаларыма қатысты қысымға жол бермеу үшін түсініктеме беруді қажет деп санаймын», – деп жазды Ақан Сатаев.

Режиссер ажырасудың себептері ресми некенің бұзылуынан әлдеқайда бұрын қалыптасқанын атап өтті.

«Біздің ажырасуымыздың себептері нақты бөлек шығудан және некенің ресми түрде бұзылуынан әлдеқайда бұрын пайда болды. Бұл тек біздің жеке келіспеушіліктерімізге байланысты. Ажырасуға басқа адамдар себеп болған жоқ», – деді ол.

Сатаев бұл мәселе бұрыннан талқыланып, ортақ шешім қабылданғанын, балалармен де ашық сөйлескенін жеткізді.

Режиссер ажырасуға үшінші адамдардың қатысы жоқ екенін нақты айтты.

«Ажырасуға дейін де, кейін де Назира басқа бір адамды себеп ретінде атаған емес. Соның ішінде Альмира да бұл мәселеге қатысы жоқ», – деп жазды ол.

Ақан Сатаев балаларға қатысты барлық шешімдер алдын ала келісілгенін атап өтті.

«Балаларды тәрбиелеу, тұрмыс жағдайы және қарым-қатынас мәселелері біз бен балалар арасында алдын ала талқыланған», – деді режиссер.

Оның айтуынша, ол бұрынғы жарына балалармен бірге сол үйде тұра беруді бірнеше рет ұсынған. Алайда Назира бөлек тұруды өзі таңдаған.

Сонымен қатар режиссер материалдық қолдау көрсетілгенін де нақтылады:

«Назираның таңдауы бойынша үш бөлмелі пәтер сатып алып, жеке меншігіне бердім, автокөлікті қалдырдым және қаржылай қолдау көрсетуді жалғастырып келемін», – деді ол.

Қазіргі таңда балалар әкелерімен бірге тұрып жатыр. Сатаев олардың анасымен қарым-қатынасына ешқашан кедергі жасамағанын айтты.

Режиссер ажырасқаннан кейін төрт жыл өткен соң Альмирамен ресми түрде некеге тұрғанын жеткізді.

«Бұл шешім балаларымыз бен жақындарымыздың келісімімен қабылданды», – деді ол.

Қазір Альмира мен оның ұлы отбасымен бірге бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Сатаев олардың арасында сыйластық пен түсіністік орнағанын атап өтті.

Сценарийлердегі «бірлескен автор» мәселесіне тоқталған режиссер туыстарының пікірі кеңес ретінде ғана алынатынын айтты.

«Олардың кеңесі мен пікірін «бірлескен авторлық» деп атауға болмайды», – деді ол.

Жазбасының соңында Ақан Сатаев бұл мәселені әрі қарай талқылауды жоспарламайтынын мәлімдеді.

«Осы түсініктемені жеткілікті деп есептеймін. Баршаңызға Жаңа жыл берекелі, қуанышқа толы болсын!» – деп түйіндеді режиссер.

Ұқсас жаңалықтар

«Сиырға туған күн бұзауға да туады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты пікіріне нүкте қойды

Redaktor

Тұрсынбектің екінші әйелі үшінші баласына аяғы ауыр – желі қолданушысы

Redaktor

Депутат Ринат Зайыттың анасы өмірден өтті

Redaktor

Пікір жазу