Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Аппаратпен елге әкеле жатқанда оянбады»: Асанәлі Әшімовтың әйелі құпия сырын бөлісті

Ашық дереккөз

Қазақ киносы мен театрының аңызы, күні кеше дүниеден өткен Асанәлі Әшімовтің төртінші жары Бағдат Әшімова актердің бірінші жұбайы Майра Әшімованың өмірден өтуіне байланысты бұрын көп айтыла бермеген деректермен бөлісті. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Бағдат Әшімованың сөзінше, Майра Әшімова 1993 жылы ауыр дерттен көз жұмған.

«Майра апа бір-екі жылдай ауырды. Дәрігерлер оның өте сирек кездесетін ауру — склеродермия екенін айтқан. Бұл дерт кезінде адамның ішкі ағзалары біртіндеп зақымданады», — деді ол.

Бағдат Әшімованың айтуынша, Асанәлі Әшімов жарының өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

«Асекең алып қалу үшін барын салған. Германияға дейін алып барды, Мәскеудегі Кремль ауруханасында да емдетті. Дәрігерлер бұл ауру мың адамның бірінде ғана кездесетінін айтқан», — дейді ол.

Алайда ауыр хәлде жатқан Майра Әшімова Германиядан медициналық аппаратпен елге жеткізіліп келе жатқан кезде қайта оянбаған. Сол сәтте Асанәлі Әшімовтің өзі де аппендицитпен ауруханаға түсіп, операциядан кейін ем қабылдап жатқан екен.

«Майра апаның табытын аурухананың ауласына алып келіп, Асекеңмен қоштастырған. Асекең операциядан кейін ауруханадан шығуға рұқсат алмапты. Сонда Майра апа кетіп бара жатып, “менімен келіп қоштасты” деп айтатын», — деді Бағдат Әшімова.

Актердің екінші жары бұл оқиғаны тағдырдың жазуы деп қабылдайтынын айтып, Майра Әшімованың өмірден өтуін кездейсоқтық емес, Алланың қалауы деп түсінетінін жеткізді.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден өтіп, қазақ халқы орны толмас қазаға ұшыраған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Роза Әлқожа құрбыларын ертіп, Оразалы мен Ажардың балаларына қамқорлық көрсетті

Redaktor

Астанада қаза тапқан фельдшердің құрметіне ескерткіш қойылып, арнайы сынып ашылатын болды

Redaktor

«Сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөліспеймін»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты ойын ашық айтты

Redaktor

Пікір жазу