Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Балам шетінеп кетті, күйеуім қуып шықты — Индира Расылхан

Видеодан скрин

Танымал әнші Индира Расылхан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріндегі ең ауыр сәттерін бүкпесіз айтып, жүрегін ауыртқан сырларымен бөлісті.

Әншінің айтуынша, алғашқы некесі зорлық-зомбылықпен аяқталған. Жүкті кезінде күйеуінен таяқ көріп, ішіндегі сәбиіне зиян келмес үшін үйден кетуге мәжбүр болған.

«Аяғым ауыр кезде кетуге тура келді. Себебі ұрып-соғу болды. Ішіңдегі балаға зиян тимесін деп бәріне төзесің екен. Ол мені қолымнан жетектеп, үйден шығарып жіберді. «Енді сен керек емессің» деді. Ата-анамның үйінде босандым. Ол кезде небәрі 24 жаста едім», – деді әнші.

Индира Расылхан сол некеден дүниеге келген тұңғыш қызы шетінеп кеткенін де көз жасымен еске алды. Оның айтуынша, сәбиі алғашында сау болып туған, алайда кейін ауыр дертке шалдыққан.

«1998 жылы 1 шілдеде қызымды дүниеге әкелдім. Басында бәрі жақсы болды. Бірақ билирубиннің көп болуы баланың өміріне қауіпті екенін ешкім ашып айтпады. 3-4 айдан кейін ғана көзінің дұрыс көрмейтінін, дамуында ауытқулар барын байқай бастадым», – дейді ол.

Кейін дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай, уақыттың өтіп кеткенін айтқан. Алматыда тексерілген кезде сәбиіне «жүрек жетіспеушілігі» диагнозы қойылып, өкпесіне су жиналғаны анықталған.

«Ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтық. Соңғы демінде маған қарап жымиды… Сол сәт әлі күнге дейін көз алдымда», – деп әнші жылап қалды.

Сондай-ақ Индира Расылхан егіз қыздарының әкесімен қарым-қатынасы туралы да алғаш рет айтты. Оның сөзінше, биологиялық әкелері балаларымен араласпайды, бірақ қазіргі жары Азамат (Азекең) әкелік міндетті толық атқарып келеді.

«Екі қызым да «өз әкемді көргім келеді» деп айтқан емес. Себебі Азекең әкесінің орнын баса білді», – деді ол.

Әншінің бұл сұхбаты желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік тарапынан қолдау мен жылы лебізге ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Енді байға тимеймін

Redaktor

«Балаларыммен біргемін»: Тұрсынбек Қабатов желідегі қауесетке нүкте қойды

Redaktor

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor

Пікір жазу