Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Баланың тірлігі»: Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманға қатысты айтылған пікірге жауап берді

Stan.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқанова «Тек қана қыздар» подкастына берген сұхбатында әнші Бақыт Тұрманованың «Әзіл Әлемі» театрының сахнасына шықпай қалуына қатысты тараған әңгімелерге түсінік берді.

Оның айтуынша, әрбір әртістің танымал болуы ең алдымен өзіне, еңбегіне және бағына байланысты. Сондықтан бұл мәселеде өзгелерді кінәлаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

Мен оған шынымды айтсам, жаным ашиды. «Әзіл Әлемінде» әншілермен тікелей өзім жұмыс істедім. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова сияқты өнер иелерін шақырғанда, әуежайдан қарсы алып, барлық жағдайын жасайтынмын. Тұрсынбекке үнемі «Сен биік деңгейдесің, сенің сахнаң сол биіктен түспеуі керек, мұнда тек танымал адамдар шығуы тиіс» деп айтып жүрдім, – деді ол.

Мөлдір Мұқанованың сөзінше, «мені сахнаға шығармай қойды» деген әңгімелердің айтылуы орынсыз. Ол Бақыт Тұрманованы да өнер көрсетуге шақырғанын, егер бағы жанып, көрерменге өтсе, сахнаға шығуына қарсы болмағанын жеткізді.

Егер ол танымал болмаса, бағы жанбаса, неге біреуге өкпелеуі керек? Бұл жерде Тұрсынбекке де, маған да ренжудің жөні жоқ. Мұндай әңгімелерді баланың тірлігі деп қабылдаймын. Сол себепті оған жауап беріп, өз деңгейімді төмендеткім келмейді, – деп түйіндеді продюсер.

Ұқсас жаңалықтар

«Тоқтар Бейбіттің талантын тұмшалап тастаған екен». Сейдуәлиеваның әлемдік хит әнді айтқан видеосы тарады

Redaktor

Мұқасан Шахзадаевқа тықыр таянды: «Нұр-Мұқасан» тобының солисіне тергеу басталды

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелімен қонақта жүрген видеосы тарады

Redaktor

Пікір жазу