Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Бір өлімнен аман қалды»: Айнұр Тұрсынбаева елді алаңдатып қойды

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева соңғы жазбасында көпшіліктің жүрегін елжіретіп, алаңдатты. Өнер иесінің анасы ауыр дертке шалдығып қалған екен.

Соңғы үш күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай күй кештім. Құдайға шүкір, бәрі артта қалған сияқты. Дәрігерлерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды. Алла барша жақындарымызды сақтасын!, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, айтыскер ақын бұған дейін анасы туралы естелігімен бөліскен болатын.

Мені тоғыз ай, он күн көтеріп, жарық дүниеге әкелген анамның есімі – Манат. Бірақ мен қазақы тәрбие бойынша шешемді «шеше» деп атаған емеспін, үнемі атымен атаймын. Дегенмен, іштей қатты жақсы көремін, сағынамын, мейіріміне зәрумін. Қарақат орындайтын “Аяулы анам” әні дәл осы кісіге арналған. Марқұм әжем мені үнемі қызғанып, бөлектеп өсірген еді…, – деп жазған болатын Айнұр Тұрсынбаева.

Ұқсас жаңалықтар

Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның құпия «некесі» туралы айтылды

Redaktor

Олжас Абай Дариға Бадықова жайлы ойын ашық айтты

Redaktor

«24-қабаттан секірмек болдым»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбектің тоқтатқан сәтін айтты

Redaktor

Пікір жазу